11.12.2019, 16:32
Оқылды: 128

Бостандықтан шыққан күрең берет иесі

Руслан бала күнінен доп қуып, жастайынан спортты жанына серік етті. Бір ауылдан болған соң бала кезімізден бірге өстік (екі көше жоғары тұратын). Мектеп қабырғасында да бір сыныпта оқып, мектепішілік спорттық жарыстардан жүлделі орындардан көрініп жүрді. Мектеп бітірісімен 2007-2008 жылдары Алматы қаласында Отан алдындағы борышын өтеп, Орал қаласында 5517 әскери бөлімшесіне жұмысқа орналасты.

qaztalov kuren (3)

-Мектеп кезінен спортқа жақын болдым. Қызмет бабында ұйымдастырылған әскери жарыстарға қатысып, жүлделі орындардан көріндім. Орал қаласынан Атырау қаласындағы 5546 Ұлттық Ұлан әскери бөлімінің арнайы жасақ құрамына ауыстым. Осы жерде жұмыс жасай жүріп, Ұлттық ұланның арнайы мақсаттағы «Бүркіт» бөлінісі әскери қызметшілерінің күрең берет кию мәртебесі және «Бүркіт» кеуде белгісін тағуға қолжеткізу үшін қорытынды квалификациялық сынақ тапсыру шарасына дайындалдым. 2017 жылы Нұр-Сұлтан қаласында өткен сынақтан сүрініп, келер жылы Ақтөбе қаласындағы сынақта күрең беретке қол жеткіздім.

Сынақ тапсыруға 102 әскери қызметкер өтініш білдірсе, олардың 66-сы іріктеліп алынған. Оның ішінде 9 мықты деген жігіт сынақтан өттік. Күрең берет – қайсарлықтың, ал кеуде белгісі кәсіби шеберліктің нышан. Күрең берет пен кеуде белгісін алу – жасақ жауынгерлері үшін үлкен абырой. Үміткерлер 5 күн бойы бірнеше ауыр сынақ тапсырып, 75 шақырым жүрдік. 25 келілік қару-жарақ салынған жәшіктерді көтеріп, кедергілерден де тайсалмай өттік.

Күрең беретті киген соң Ақтөбе қаласының 6655 әскери бөлімінде «Бүркіт» арнайы жасағына жұмысқа ауыстым. Биыл Павлодар қаласына барып, күрең беретті қорғапк елдім, - деді Руслан.

Руслан отбасында 3 ұлдың әкесі. Тұңғышы Мұхтар «Әке көрген оқ жонар» демекші, әкесіне тартып спортты жанына серікетіп келеді. 2-сыныпта оқитын Мұхтар қжекпе-жекпен шұғылданады. Бұл спорт түрімен жаттыққанына көп болмаса да жарыстарда жүлделі орындардан көрініп жүр.

Гауһар Әділжан

Қазталов ауданы

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале