17.04.2019, 12:30
Оқылды: 28

Бруцеллездің алдын алу керек

Бәйтерек ауданында Новенький ауылында бруцеллез ауруының алдын алуға байланысты жиын өтті. Оған Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінің профессоры, ветеринария ғылымдарының докторы Ғайса Абсатиров қатысып, тұрғындарға аталған дерттен сақтану жөнінде айтып берді.

 bur

- Бруцеллез дерті елімізде кең таралған. Аталған ауру бойынша мемлекетіміз Қырғызстаннан кейін екінші орында. Адамдарға бұл дерт төрт түлік малдан, иттен тағы басқалай жұғады. Оны жұқтырмас үшін сақтық шараларын қолдану қажет. Мәселен, қора-қопсыға киген киіммен үйге кірмеу, тазаланып жуыну сынды сақтық шараларын қолданған кезде ғана аурудың алдын алуға болады. Бруцеллез дертін емдеу қиын. Өйткені ол адам ағзасындағы жасушаларда өмір сүреді, - деді Ғайса Ғарапұлы.

Жиын барысында ауыл тұрғындарына бруцеллез дертінен сақтану, болдырмау, жұғу жолдары туралы бейнероликтер мен презинтациялар көрсетілді.

Нұрлыбек Қыдырғалиұлы,

Бәйтерек ауданы

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале