21.12.2017, 15:06
Оқылды: 25

Будариндегі берекелі бетбұрыс

IMG_4656Бұл жыл Ақжайық ауданының Бударин ауылдық округінде кәсіпкерліктің серпін алуымен ерекшеленіп отыр.

«Береке» бағдарламасымен 4 млн. теңге несиеге қол жеткізген «Алға» шаруа қожалығы 22 бас ірі қара малын бордақылауға қойды. Сонымен қатар «Бизнес-Бастау» бағдарламасымен оқып, сертификат иеленген Г.Құмарова «Гүлім» жеке кәсіпкерлігін құрып, «Кәсіпкер» бағдарламасымен 3 млн. теңге несие алып, ері Р.Алқуатов екеуі 9 гектар жерде құс шаруашылығымен айналысуды қолға алды. Яғни, бүгінде 300 қаз бен үйрек өсіруде. «Игілік» бағдарламасынан Беркін Асықов 3 млн. теңге несиеге 15 бас сиыр алып, мал шаруашылығын өркендетуді көздеуде. Сондай-ақ «Береке» бағдарламасымен 8 тұрғын 29 млн. 500 мың теңге несиеге 143 ірі қара сатып алды. 2 шаруа қожалығы 22 млн. теңге несиеге 140 бас сиыр мен төрт бұқа иеленді.

Ауылдық округ бойынша бүгінде 6964 бас ірі қара, 21003 бас уақ жандық, 3227 бас жылқы, 44 бас түйе бар. Бұл былтырғы осы уақытпен салыстырғанда ірі қара 1076, қой мен ешкі 2590, жылқы 153, түйе 5 басқа артық деген сөз.

Бекем БЕКҰЛЫ

Ақжайық ауданы

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале