3.11.2018, 16:52
Оқылды: 19

Бүгін «Қазталов күзгі марафоны» өтті

Қазталов ауданы орталығында Елордамыз Астана қаласының 20 жылдығына орай, жүгіру маусымының жабылуына арналған «Қазталов күзгі марафоны» өтті. 

Жаппай халықтық жүгіруге ауыл тұрғындары, мекеме ұжымдары және жасөспірімдер қатысып, жалпы 3,5 шақырым қашықтықты жүгіріп өтті.

IMG_0185

Бұқаралық спортты дамыту мен халық арасында салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталған «Қазталов күзгі марафонына» қатысушылар жүгіруден кейін «Достық» саябағында бас қосты.

Марафонға қатысушыларды аудан әкімі Абат Шыныбеков құттықтап, жүгіруде белсенділік танытқандарға «Үздік ұжым», «Үздік отбасы», «Ардагер спортшы», «Ең жас спортшы» аталымдары бойынша алғыс хаттар табыстады.

Сонымен қатар марафонға қатысушылардың құрметіне аудандық мәдениет үйінің әншілері партиоттық әндер жолдаса, аудандық орталық балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің тәрбиеленуші жас жеткіншектері спорттық көрсетілім қойып, біліктіліктерін ортаға салды.

«Ауыл айнасының» ақпараты

IMG_0216 IMG_0225 IMG_0227 IMG_0252 IMG_0175 IMG_0179

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале