5.02.2020, 16:33
Оқылды: 44

Бұқаралық спортты дамытуға толық жағдай бар

Қаратөбе ауданы әкімі Ж.Асантаевтың аудан тұрғындары алдындағы жылдық жұмыс есебіне келген БҚО әкімінің орынбасары Серік Егізбаев аудан орталығындағы «Қаратөбе» спорт клубы жанынан 2018 жылдың ақпан айында ашылған фитнес клуб жұмысымен танысты.

qaratobe fitnes (2)

Ауданның бір топ жасы фитнес орталығындағы көпбейінді тренажерлермен және басқа да бірнеше спорттық құрылғылардың көмегімен жаттығу орындап, гір тастары мен зіл темірлерді көтеріп жатқан сәтте орталыққа келген Серік Рахметоллаұлы мен облыс әкімінің аудандағы қоғамдық өкілі Ғарапша Сахипов залдағы жас спортшылардың жаппай спортпен айналысып жатқандығына ризашылық танытып, аудан тұрғындарының спортпен шұғылдануына толық жағдай жасалғандығын тілге тиек етті.

qaratobe fitnes (1)

Фитнес клубының нұсқаушы-әдіскерлері Ернар Есенжанов пен Шоқан Аманжанов жаттығушыларға кеңестерін беріп, қызмет көрсетуде.

Орталыққа келіп спортпен айналысушылар саны бүгінде 120 адамға жеткен.

Аудан әкімі аудан спортының жетістіктері туралы айтып берді.

Ерболат Райсов

Қаратөбе ауданы

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале