17.02.2020, 11:56
Оқылды: 73

Бұланда қысқы спорт түрлерінен жарыс өтті

Сырым ауданының Бұлан ауылында Волонтер жылына орай мекеме қызметкерлерінің арасында қысқы спорт түрлерінен жарыс өтті.

syrym (2)

Бұлан өзенінің үстінде өткен жарыс спорттық шараға емес, мерекеге көбірек ұқсады. Ұстаздар, мемлекеттік қызметкерлер, өнер адамдары және ауыл тұрғындары командаларға бөлініп, спорттың шаңғы тебу, конькимен сырғанау, допты хоккей, шанамен жүгіру, мылтық ату түрлері сайысты.

syrym (1)

Сайыс қорытындысы бойынша "Еріктілер" командасы жүлделі І орынды жеңіп алды. "Мектеп" командасы ІІ, ал "Мәдениет" командасы ІІІ орынды иеленді.

Б.Шерім

Сырым ауданы

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале