5.11.2018, 17:04
Оқылды: 16

Бұланда жаңа спорт алаңы ашылды

Жұртшылықтың спортпен қолжетімді түрде айналысуына мүмкіндік беретін су жаңа нысан Сырым ауданы Бұлан ауылдық округінің орталығынан ашылды.

 

bulan (6)

Пайдалануға берілген спорт алаңы «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы аясында аудандық бюджеттің есебінен салынған. Жаңа нысан түрлі спорттық ойындар ойнауға арналған әмбебап алаңнан тұрады. Алаңға жасанды шөп төселіп, жарықтандырылып, қоршалған.

Спорт алаңының салтанатты ашылуына Сырым ауданының әкімі Төлеген Төреғалиев қатысты.

-Спортқа жасалған жағдай – адамдардың денсаулығына жасалған жағдай. Қазір тұрғындардың арасында жүрек қан тамырлары ауруы көбейді. Жалқаулық, қозғалыстың аз болуы адамды дертке душар етпей қоймайды. Жаңа алаңның есігі балалар мен жастарға ғана емес, ауылдың барлық тұрғынына, тіпті қарттарға да ашық. Саулығымыз үшін спортпен айналысайық!, – деді аудан әкімі.

         Ауылдастарын жаңа нысанның ашылуымен жергілікті ардагерлер кеңесінің төрағасы Досқали Молдашев құттықтады.

Айта кетейік, келесі жылы ауданда осындай нысанның тағы төртеуі салынбақ.

bulan (1) bulan (7)

Бауыржан ШИРМЕДИНҰЛЫ,

Сырым ауданы

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтары біздің Instagram және Telegram-парақшамызда. Жазылыңыздар!

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале