22.11.2019, 17:31
Оқылды: 126

Бұлдыртыда Мәуліт тойланды

         Сырым ауданының Бұлдырты ауылдық мешітінде жергілікті жамағат Мәуліт мерекесін өткізді.

syrym maylit (1)

- Адамзаттың асылы, екі дүниенің сардары, сүйікті пайғамбарымыз Мұхаммедтің (с.ғ.с) туған айы дінімізде Мәуліт айы деп құрметтеледі. Бұл мейрам мұсылмандарды пайғамбар жолын ұстануға, оның өмірінен үлгі алып, бойындағы көркем мінездерді қабылдауға шақырады. - деді мешіт келушілеріне Бұлдырты ауылдық мешітінің имамы Сәрсенбай Бодықұлы.

Алдымен жамағатпен құптан намазы кейін мәуліт оқылды. Содан соң мерекенің құрметіне жайылған дастархан басында аудандық мешіттің бас имамы Әділхан Наурызбайұлы, "Сырым" діни ағымдардан жапа шеккендерге көмек көрсету орталығының теологы Жасқанат Ерсайынов және Бұлдырты ауылының теологы Рауан Рамазан Мәуліт мерекесіне жиналған ақсақалдар мен ақжаулықты әжелерге, мешіт жамағатына пайғамбарымыз Мұхаммед (с.у.с) өмірі туралы уағыз айтты. Пайғамбар өмірінен сұрақтар қойылып, дұрыс жауап бергендерге сыйлықтар берілді.

syrym maylit (1) syrym maylit (3)

Бауыржан Ширмединұлы,

Сырым ауданы

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале