21.01.2020, 18:30
Оқылды: 119

Былтыр Егіндікөлде «Еңбек» бағдарламасы арқылы 26 адам грант иегері атанған

Қаратөбе ауданының әкімі Жанат Асантаев Егіндікөл ауылдық округінде есеп беру жиынын өткізді.

qaratobe (1)

Алғашқы кезекте Егіндікөл ауылының әкімі Ермек Сайынов пен аудан әкімі Жанат Асантаев тұрғындар алдында жыл бойы атқарылған жұмыстарды саралады.

 – Ауыл тұрғындарының жалпы саны 1 174 адам, оның 825-і экономикалық белсенді халық, бұл 70%-ы.

Сондай-ақ ауылда 24 шаруа қожалығы тіркелген. Мал шаруашылығына көп көңіл бөлініп, қазіргі таңда малды асылдандыру мақсатында Қызылжар-2 өндірістік кооперативі асыл тұқымды 320 аналық, 11 бұқа өсіріп қосып отыр, - деді ауыл әкімі Ермек Сайынов.

Ауылдың экономикалық-әлеуметтік дамуында шағын және орта кәсіпкерліктің алар орны ерекше. Кәсіпкерлікті дамытуға арналған «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы мен нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай қәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» бағдарламалары арқылы 26 адам арнаулы грант иегері атанса, атаулы көмек алушы 20 адам 505 мың, 10 адам 252 мың теңге несие алған.

Биыл Ж.Жабаев және Мәңгілік Ел көшелерін жарықтандыру жоспарланып отырған көрінеді. Сонымен қатар балаларға арналған ойын алаңын, шағын наубайхана және халыққа қызмет көрсету орындарын ашу осы жылға жоспарланған.

Ауданда «Тарихқа аты мәлім Қаратөбе» атты республикалық экспедиция да сәтті өткен. Екі күнге созылған экспедиция барысында жиналғандар Қаракөл ауылдық округіндегі Едіге Ишан бабамыздың, Жусандыой ауылдық округіндегі Қаратау би кесенесі, Қоске әулие Ишандар қорымы, Жігерлен ауылындағы Дауқара батыр, Бармақ батыр мазарында болған. Сонымен қатар Егіндікөл ауылындағы табиғаты тылсым сырларға толы Аққұм қорығында, Егіндікөл бұлағында және Құныскерей үңгірінде болып, бірқатар ұсыныс-пікір де айтылған. Онда ауданда тарихи жерлермен туристтік маршрут құру, Құныскерей үңгірі айналасын абаттандыру сияқты маңызды мәселелер көтерілген. Бұл жұмыстар аяқсыз қалмақ емес. Өйткені, мұның бәрі аудан әкімінің өз бақылауына алынған.

 Жиын соңында аудан әкімі Жанат Асылханұлы тұрғындарды жеке қабылдап, кәсіпкерлермен жүздесуге де уақыт тапты.

Тұрсынай Нағымова

Қаратөбе ауданы

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале