17.01.2017, 16:30
Оқылды: 42

Тасқала ауданында 87 шекара бұзушылық тіркелген

          Бұл жайлы Тасқала аудан әкімі аппаратының басшысы М.Мырзаш пен Достық ауылдық округінің әкімі Ә.Тәшімов аталмыш округке қарасты Бастау, Ынтымақ елді мекен тұрғындарымен есептік кездесуінде айтылды.

Кездесуде «Тасқала» шекара застава бастығы Айдар Ізмағамбетов тұрғындарға шекара аумағында сақталуға тиіс заңдылықтарды түсіндіріп өтті. Егер мал Ресей аумағына өтіп кетсе, алдымен шекара заставасына хабар берулері қажет екенін айтты. Сондай-ақ Айдар Асқарұлы былтырғы жылы 87 шекара бұзушылық тіркелгенін де жеткізді. Жергілікті тұрғындардың шекарашыларға дер кезінде ақпарат беруінің арқасында 2 Қытай, 1 Әзірбайжан азаматы ұсталған. Алдағы уақытта да тұрғындар ерікті түрде көмектерін көрсетсе деген тілегін білдірді.

Жиында елді мекен тұрғындары округ әкіміне көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойды. Олардың қатарында жиі жарықсыз қалатындарын, балалар ойын алаңы және көшелерге жарық шамдарын орнату секілді мәселелерін көтерді. Әкім электр сымдарының тозығы жеткендігін, бұл мәселені аудан басшысына жолдайтындығын жеткізді. Ал қалған екі мәселенің шешімі биыл басты назарда екенін тілге тиек етті.

Есенжол Елекенов,

Тасқала ауданы

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале