31.05.2018, 11:47
Оқылды: 8

«Challenge Өзгеше сен!» акциясына тасқалалықтар да үн қосты

Тасқала ауданы орталығындағы Абай алаңына жиналған мемлекеттік қызметкерлер, оқу орындарының мамандары мен өзге де мекеме жұмысшылары салауатты өмір салтын насихаттаған республикалық акцияға қатысты.

Аталған акция бұқара халық арасында дене тәрбиесі мен салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында Елбасы Н.Назарбаевтың жолдаған үндеуі аясында қолға алынған болатын. Бұл орайда шараға қатысып сөз алған аудан әкімінің орынбасары Л.Жұбанышқалиева белсенділік танытқандарға алғысын білдірді.

Алаңға жиналғандарға аудандық спорт мектебінің жаттықтырушылары дене жаттығуларын жасатты.

Әсем СЕРІК,

Тасқала ауданы

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале