25.07.2018, 11:37
Оқылды: 40

Чапаевта автобус жүре бастады

 

avtobusАқжайық ауданының орталығы – Чапаевта «Жәлел» ЖК-нің «ПАЗ» автобусы ішкі маршрут бойынша жолаушыларды тасуға кірісті.


 

Көлік «Мұнай базасы» елді мекенінен сағат 7.30-да қозғалып, одан кейін тұрғындарға хабардар жасалған аялдамалар бойынша Чапаевтың көшелерімен жүріп барып, Жайық ауылына сағат 8.15-те ат басын тірейді. Сосын кері «Мұнай базасына» қарай қозғалады. Күніне алты рейс жасайды. Яғни «Мұнай базасынан» аталған 7.30-да, сондай-ақ 12.00-де және 18.00-де, ал Жайықтан кері қарай 08.15-те, 14.00-де және 18.45-те қозғалады. Демалыс күндері – сенбі және жексенбі. Жолақы – ересектер үшін 65 теңге, балалар үшін 30 теңге. Ауылдық округте 9 аялдама салынды.

Бекем БЕКҰЛЫ

Ақжайық ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале