20.06.2017, 12:54
Оқылды: 18

Чапаевта спорт алаңы пайдалануға берілді

akjaik alan 3Ашылу рәсіміне қатысқан аудан əкімі Əділ Жоламанов жиналғандарды тұрғындардың бір үлкен өтініші орындалуымен құттықтады.


- Біраздан бері жоспарланған осындай нысан, міне, игіліміз үшін бой көтерді. Ауданымызда дене шынықтыру мен спортты өркендету мақсатында ауқымды істер өрістей береді. Енді мұндай шағын алаңдарды ауылдарға салуда біртіндеп қолға алатын боламыз. Құрылысты уақытылы аяқтаған мердігерге, іске атсалысқан азаматтарға алғысымыз шексіз,-деді ол.

akjaik alan 2Мереке Молдағалиев басқаратын мердігер "Жайық Сити" ЖШС 12,5 млн. теңгеге салған салған алаң волейбол, футбол және баскетболға  арналған. Ұзындығы 36, ені 18 метрді құрайтын нысан жарықпен қамтамасыз етілген.

М.Молдағалиев Чапаевтағы "Жігер" спорт клубына бірнеше доп сыйға тартты. Әсіресе жастар үшін айтулы сый болып табылатын құрылыстың пайдалануға берілуіне қуанышымен ауыл тұрғыны Мехман Қалбаев бөлісіп, жиналғандарды құттықтады.

Алаңның ашылу құрметіне аудан ауылдарынан командалардың қатысуымен футболдан Чапаевтың ашық турнирі өтті.

Рахмет ҚАЛИ

Ақжайық ауданы

Суреттерді түсірген Нұрбек ИХСАН

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале