20.12.2017, 17:17
Оқылды: 34

Чапаевта ханымдарға арналған фитнес залы ашылды

Тұрғындарды күнделікті дене шынықтыру және спортпен айналысуға ынталандыру мақсатында Чапаев ауылында, аудандық емхана ғимаратында ханымдарға арналған фитнес залы ашылды.

Бұл шараға қатысқан аудан әкімі Әділ Жоламанов жиналғандарды мерекемен құттықтап, жаңа зал спортты өмірде серік еткен тұрғындарға саламатты өмір салтын ұстануға қолдау болады деген зор сенімін білдірді. Жаңа жаттығу құралдары,  тренажерлер орнатылған орынға алғаш күннен-ақ келушілер аз емес.

Болат ҚОСЖАНҰЛЫ

Ақжайық ауданы

Суретті түсірген Нұрбек ИХСАН

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале