24.08.2017, 18:13
Оқылды: 21

Чапаевтағы апатты үйдің тұрғындарына пәтер кілттері табысталды

Ақжайық ауданында ауқымды құрылыстар жүргізіліп, тұрғын үй мәселесі шешілуде.


«Жайық Сити» ЖШС жергілікті бюджеттен қарастырылған 3,4 млн. теңгеге аудан орталығындағы Есенжанов көшесі, №11 мекенжайындағы үйді ағымдағы жөндеуден өткізіп, үй бүгін пайдалануға берілді.

Шараға қатысқан Чапаев ауылдық округі әкімі Нұртаза Нәбиденов тұрғындарды құттықтап, 15 отбасыға пәтер кілтін табыстады. Айта кетейік, бұл баспанаға апатты деп танылған Панфилов көшесіндегі №20-сы үйдің тұрғындары көшірілуде.

Аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Сәкен Ашбаевтың айтуынша, жөнделген коммуналдық үй ауыз су, жарықпен қамтамыз етілген және қыс маусымында орталықтандырылған жылу жүйесі іске қосылмақ.

Бекболат ҚАЛЕНОВ

Ақжайық ауданы

 

 

 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале