28.03.2019, 11:33
Оқылды: 34

Чапаевтағы халық театры комедияны сахналады

Ақжайық ауданының орталығы Чапаевтағы мәдени-демалыс орталығы жанындағы халық театры ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегері, драматург Дулат Исабековтің «Есепшот, түйетауық және домино» атты комедиялық қойылымын көрермен назарына ұсынды.

DSC_0001

Бұл тұрғындарға көктем шуағымен бірге келген көтеріңкі көңіл-хошты еселеген кеш болды. Қойылымда Ақлима рөлінде Ләззат Қапашева, Қаршығаны Гүлжамал Қайбалиева, Сопытайды Сейілхан Ибраемов ойнап шықса, Аслан Бақтығалиев Ботпай рөлін сомдады. Қойылым басталысымен көрермендердің езуіне күлкі үйіріліп, аяқталғанша дуылдаған шапалақ пен күлкі тиылмады. Қарапайым ауыл тұрғындарының арасындағы қызықты да шиеленісті қарым-қатынас барысында қайнаға мен күйеу бала, қайын сіңілі мен жеңге арасындағы жарасты әзіл-қалжың, қазақы табиғи мінез бен туыстық байланыс көрсетілді.

Қоюшы-режиссер Күлім Әлмұханованың айтуынша, театр өнерпаздары тек бір бағытта ғана шектелмей, ән де айтып, түрлі аспапта ойнап жүрген сегіз қырлы бір сырлы жандар. Бұған өнерсүйер қауым сөзсіз көз жеткізіп жүр. Театр ұжымының алдағы мақсаттары да айрықша. Ауылдар мен облыс аудандарына сапарлау жоспарда бар.

Нұрхат Мағзомов

Суреттерді түсірген Нұрбек ИХСАН

Ақжайық ауданы

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале