25.07.2017, 18:29
Оқылды: 59

Чеботарев Құрманғазыға өзгертілді

 Zeleov auil ataui   Зеленов ауданы Чеботарев ауылында жергілікті қоғамдастық жиналысы өтті.

  Алдын ала жоспарланып, болатыны туралы жергілікті баспасөз арқылы жарияланған жиында Чеботарев ауылдық округі мен Чеботарев ауылы атауын өзгерту жайы талқыланды.


  Жергілікті қоғамдастық жиналысының шешіміне сәйкес Чеботарев ауылдық округі мен Чеботарев ауылы «Құрманғазы» деп аталатын болды.

   Айта кетейік, бұрын Чеботарев Құрманғазы атындағы колхоз болған.

Динара БЕРІШ

Зеленов ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале