24.03.2017, 18:27
Оқылды: 22

Чемпионатқа жолдама және екі бірдей жүлделі орын

Наурыздың 16-18 аралығында Орал қаласында қазақ күресінен 2002-2003 жылғы жасөспірімдер арасында облыс чемпионатына қатысқан қаратөбелік жас палуандар жүлдері орындарға қол жеткізді.


Салмақ дәрежелері бойынша екі бірдей палуан Эльдар Қойшыбаев пен (42 келі) Дәулет Ғабитов (73 келіден жоғары) жүлделі ІІІ орынды қанжығаларына байласа, 42 келі салмақ дәрежесінде алдына жан салмаған Мұқағали Өтепов І орынды жеңіп алып, сәуір айында Қызылорда облысының Шиелі қаласында өтетін ҚР чемпионатына жолдама алды.

«Мұқағалидың алдағы басты додада жеңіс тұғырынан көрінетіндігіне сенім артамыз. Қазіргі таңда Мұқағали республикалық чемпионатқа қызу дайындық үстінде» - дейді палуанның бапкері Роман Сыдықов.

 

                                                                                               Ерболат РАЙСОВ,

                                                                                              Қаратөбе ауданы

    zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале