19.05.2017, 17:32
Оқылды: 73

Дәмелі Құсайынқызының шығармашылық кеші өтті

????????????????????????????????????

   Бүгін Ақсай қаласында мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен Халықаралық жазушылар, Халықаралық қолөнершілер одағының мүшесі, батыр ана Дәмелі Құсайынқызының «Дархан даланың дарынды қызы» атты шығармашылық кеші өтті.


  Ұлы өнерді кейінгі ұрпаққа үлгі етіп, ұлттық құндылықтарымызды ұрпақ санасына сіңіре отырып  өнер иесінің шығармашылығын насихаттау  мақсатында  ұйымдастырылған кеште ақынның қаламынан туған өлеңдер оқылып, өнер әлемінде жүріп өткен жолдары туралы бейнероликтер көрсетілді.

         Кеш иесін құттықтау үшін сөз алған аудандық білім бөлімінің басшысы Орынбасар Төлемісов жүрекжарды ақ тілегін жолдап, алғыс хатпен марапаттады.

         «Істің жайын тіккен білер» демекші  ісмерлікті де жанына серік еткен жан өз қолынан өрілген әдемі  киім – кешектері туралы ой өрбітіп оның  қыр- сырымен бөлісті. Кештің әдемі де әсерлі өтуі мақсатында аудандық демалу орталығының әншілері «Күн дидарлы Қазақстан», «Гүл сыйлайық әйелге», «Анашым», «Асыл ана» әндерін орындап, зал толы көрерменге көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.

         Өлендері жүректен шығып жүректерге жеткен алып ана кеші көпке тәрбие берер шара-тағылымды кездесу болды.

 Айнагүл Кәрімова

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале