18.03.2017, 12:44
Оқылды: 54

Дариян ауылында «Ұлағат» театры ашылды

Зеленов ауданы Дариян ауылдық мәдениет үйінің жанынан  құрылған театрда 4 топ бар. Дәл қазір мұнда 70 бала өнердің қыр-сырын меңгеруде.

Театрымыздың ашылуына орай  «Білгенге ғибрат», «Бақыт деген немене екен?», «Бақыт, байлық, ақылдың таласы», «Өмір өлеңі өзгеше, «Мектептегі көрініс», «Соқыр ана», «Өміріңе немқұрайлы қарама» сынды шағын көріністерді сахналадық. Әр қойылымда тұнып тұрған үлгі-өнеге. «Өтірік түбі - өкініш» атты ертегі тіпті тамаша қойылды! Жас әртістеріміз  аң-құстардың кейпінде ойнап «өтірік өрге баспайтындығын» жеткізе білді, - дейді «Ұлағат» театр ұжымының жетекшісі Асылай Көпжанова.

- Маған ертегі өте қатты ұнады. Өтірік айтпауға, адамды алдауға болмайтындығын үйрендім. Түлкілердің билегені сондай қызық!,- дейді ең кішкентай көрермен  Әділхан Иманқұлов.

Қойылым соңында аудан әкімінің, аудандық, ауылдық мәдениет үйі атынан жылы лебіздер айтылып, театр мүшелеріне алғыс хат пен естелік сыйлық табыс етілді.

 

Айшабибі МӘМЕТ,

Зеленов ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале