6.10.2017, 11:06
Оқылды: 24

Дариян ауылында жол салынуда

Осыдан біраз уақыт бұрын Зеленов ауданы Дариян ауылында көше жолдарын жөндеу жұмыстары басталып кетті.


Мердігер компания өкілі Уәлихан Камалдың айтуынша, қолайлы ауа-райын ұтымды пайдалануды көздеген жұмысшылар күндіз-түні жұмыстануда. Құрылыс материалдары, қажетті техника, жұмыс күші жеткілікті. Тек жауын-шашын  тосқауыл болмаса, жұмыс жоспарлы түрде аяқталмақ.

Ауылдағы Больничный көшесіне 300 метр, Л.Толстой көшесіне 299 метр, И.Тайманов көшесіне  230 метр,  М.Өтемісов көшесіне 420 метр, Достық көшесіне 111 метр, Садомсков көшесіне 173 метр жерге қиыршық құм қоспалы тас төселді. Енді асфальт төсеу жұмыстары басталмақ. Сонымен қатар, еріген қар мен нөсер жаңбыр суы  көшелерге жиналып қалмас үшін арнайы 10 құбыр орнатылыпты. Көшелерге қойылған құбырлар арнайы стандарттарға сай және барлық жағдайды ескере орнатылған.

Гүлжан АЯЗБАЕВА,

Зеленов ауданы 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале