24.07.2018, 13:05
Оқылды: 22

Зеленовтық үздік футболшыларды еске алуға арналған қос турнир

futbolЗеленов ауданы Дариян ауылының кезіндегі тұрғыны, футболшы Рустам Көшекбаевты еске алуға арналған шағын футбол турнирі өтті.


Жергілікті жастардан құралған «Дарьинск» футбол командасы ұйымдастырған жарысқа аудан ауылдары мен Орал қаласынан келген командалар қатысты.

Салауатты өмір салтын насихаттау, ауыл жастарының футболға деген қызығушылығын ояту мақсатында оздырылған жарыс қорытындысында ІІІ орын Рубежка ауылының командасына бұйырса, ІІ орын оралдық жігіттерге, ал, І орын алаң иелерінің қанжығасына байланды. Жеңімпаз атанған дарияндық футболшылар жеңістерін футболшы досына арнайтындығын айтып, чемпиондық кубокті Рустамның анасына табыс етті.

futbol (1)Сондай-ақ жарыс ұйымдастырушылары командасын алға сүйреп, үздік ойын көрсеткен Чоров командасының ойыншысы Николай Старов «Үздік шабуылшы», Орал командасын алға сүйреген Сағынбай Хайрошев «Үздік қорғаушы» аталымдарына ие болса, рубежиндік Захар Игнатенко «Үздік қақпашы» атанды.

***

Янайкин ауылының тұрғыны болған, тамаша футболшы Фарух Галиевтің өмірден озғанына екі жылдың жүзі болды.

Спортшы жігіттің тума-туыстары мен спорттағы достары осымен екінші жыл қатарынан шағын футболдан аудандық ашық турнир ұйымдастырып келеді. Дәстүрге айналған жарыс биыл да өз жалғасын тапты.

Футболшы достарын еске алып, жастарды салауатты өмір салтын ұстануға шақырған жарысқа бірнеше команда қатысты.

Тартысқа толы болған жасыл алаң бәсекесінің қорытындысында ІІІ орын алаң иелері Янаукин командасына, ІІ орын Орал қаласынан келген ұжымға, ал І орын Переметный ауылының командасына бұйырды.

Жарыс ұйымдастырушылары қатысушы командаларға ризашылықтарын білдіріп, үздік ойыншылар мен жеңімпаз-жүлдегерлерді марапаттады.

Марзия ҚОНЫСБАЕВА

Түгелбай БИСЕН

Зеленов ауданы

zhaikpress.kz

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале