28.11.2018, 16:47
Оқылды: 81

Дариянда «Өңірлерді дамыту бағдарламасымен» ауыл көшесі жөнделді

 Зеленов ауданының баспасөз мәслихатында Дариян ауылдық округі бойынша ауылдық округ әкімінің міндетін атқарушы Тимур Әбубәкіров соңғы 10 ай ішінде жасалған жұмыстарды баян етті.

 Фото брифинг

-Ауыл шаруашылығы саласы бойынша 2018 жылдың 10 айында жеке аула мен шаруа қожалықтарында 1 750 бас ірі қара, соның ішінде 737 бас сүтті ірі қара, жылқы 80, қой-ешкі 2 061, шошқа 400 басты құрады.

Округте абаттандыру мен санитарлық тазалық жұмыстарын жүргізу жақсы жолға қойылған. Қураған ағаштарды кесу, арық, бейіттердің айналасын, қордаланған қоқыстарды тазалау жұмыстары тұрақты түрде жүгізіліп келеді.

2018 жылы есептік кездесуде тұрғындар тарапынан туындаған мәселенің бірі көше жолдарын жөндеу болды. «Өңірлерді дамыту бағдарламасы» бойынша ауыл ішіндегі 2,5 шақырым көше жолы жөнделіп, 2 004 м жолға қатқыл қабат төселді,-дейді Тимур Ранильұлы.

Ертай БИМҰХАНОВ,

Зеленов ауданы

zhaikpress.kz

 

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram және Telegram парақшамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале