4.12.2018, 15:54
Оқылды: 166

Дариянда жайдарман ойыны өтті

Зеленов ауданына қарасты Дариян ауылдық мәдениет үйінде аудан әкімдігінің қолдауымен аудандық «Жастық – Молодость» жастар қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен тұңғыш Президент күніне орай «Жайдарман» әзіл кеші өтті.

YzqhSBoSbh4

Бұл кешке «Ноунэйм» (Көшім), Егіндібұлақ, «07 аймақ» (Раздольный) және «Томпи», «Дзюдоисты» (Дариян) ауылының өнерпаздары қатысып, бақ сынасты. Сайыс басталмас бұрын Дариян ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушы Т.Әбубәкіров жылы лебізін айтып, қатысушыларды айтулы мерекемен барлығын құттықтап, сәттілік тіледі.

Екі кезеңнен тұрған кеште қатысушылар өнерін ортаға салып, өз топтарын алға жетелеу үшін тартысты дода өрнегін көрсетті. Әсіресе, қатысушылар екінші сұрақ-жауап кезеңдегі Елбасы, Астананың 20 жылдығы, аудан тарихы жайындағы сауалдарға ұтымды жауап берді.

Дода соңында Орал қаласынан жас таланттарды қолдап келген «Мұрагер» тобының әзілкештері мен «КазИИТУ» құрамасы жайдарман тобының белсенді мүшесі Қабдол Тілеков көрерменді күлкіге қарқ етіп, әдемі ойын көрсетті.

         «Жайдарманға» қатысушыларға кәсіби бақылау жасаған әділ қазы мүшелері өнерпаздардың ойнына тоқталып, тартымды әзілдерімен көзге түскен «Томпи» қыздар командасымен егіндібұлақтықтарға алғыс айтты.

         Сайыс қорытындысында І орынды дарияндық «Томпи» қыздар командасы алса, ІІ, ІІІ орынды раздольныйлық «07 аймақ», егіндібұлақтық командасы еншіледі.

Кеш соңында сөз алған аудандық «Жастық-Молодость» жастар қоғамдық бірлестігінің төрағасы Нұржан Сағыныш барлық жеңімпаздар мен қатысушыларға ризашылығын білдіріп, жас таланттарға естелік сыйлық пен алғыс хат, кубок табыс етті.

Гүлжан АЯЗБАЕВА,

Зеленов ауданы

zhaikpress.kz

 

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram және Telegram парақшамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале