12.07.2017, 10:42
Оқылды: 63

Дариянда жауған бұршақ бақша дақылдарына зиянын тигізді

byrshak byrshak02      11 шілде күні кешкісін Зеленов ауданы Дариян ауылында бұршақ жауды.

     Ауыл әкімі Болат Ерболатовтың айтуынша, сағат 18.00 мен 20.00-дің арасында бұршақ қатты жауған. Соның салдарынан ауладағы бау-бақша, гүлдерді де көміп тастаған.


   Дариян маңында егілген қауын-қарбыз, қиярларға да елеулі зиян келген. Ал егінге бұршақтың кесірі тиді ме, әзірге белгісіз. Бұршақтың төрт-бес автокөлікке «өз өрнегін» салғаны белгілі болуда. Ауыл-ауладағы су жиналған жерлерге автокөліктер жіберіліп, су сорылды.

     Аудан әкімінің орынбасарлары Ренат Шәуенов, Асылұлан Досжанов бастаған лауазымды қызметкерлер оқиға орнына келді.

    Әйтеуір күтпеген жерден қатты жауған бұршақтан, тосын оқиғадан зардап шеккендер жоқ. Дариянда электр және байланыс желілері қалыпты жұмыс жасап тұр.

     Қазіргі уақытта бұршақтан келген шығын көлемі есептелуде.

      Айта кетейік, Дариян - бұрын Приурал ауданының орталығы болған ірі елді мекен.

Елжан Ералы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале