26.09.2019, 16:29
Оқылды: 87

Дарияндық оқырмандар ойларын ортаға салды

Бүгін «Жайық Пресс» ЖШС Бәйтерек филиалы – Бәйтерек аудандық «Ауыл тынысы» газетінің директор-редакторы Ертай Бимұханов Дариян мектеп-гимназия интернатында мектеп мұғалімдері мен жас оқырмандармен кездесті.

дар 3

Кездесуде мектеп директоры Шолпан Өмірзақова баспасөзге жазылу науқанына орай мектеп ұжымы аудандық газетке жазылудан тыс қалмайтындығын айтып, редакция ұжымына табыс тіледі.

Оқырмандар атынан сөз алған мұғалім Жұмабек Әбішев ауылды жарықтандыру, тұрғындар қауіпсіздігі үшін жүргінші жолдар салу мәселесін көтерсе, кітапханашы Шолпан Сұлтанғалиева ауылішілік қоғамдық көлік ұйымдастыру мәселесін тілге тиек етті.

дар 1

Ал мектеп оқушысы Мәдина Ибрагим болса, журналистикаға бейімі бар оқушыларға «Жас тілші» үйірмесін ашу турасында ұсыныс тастады.

Басылым басшысы Е.Бимұханов оқырмандар тарапынан көтерілген мәселелерге үн қосатындығын жеткізді.

дар 4

Кездесу соңында Ертай Сағындықұлы мектеп ұжымына алғысын жеткізіп, кітапханаға кітаптар сыйлады.

Нұрлыбек Мұхамбетияров

суреттерді түсірген Сәлім Мәмбетәлиев

Бәйтерек ауданы

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале