5.06.2017, 12:10
Оқылды: 27

Дәурен - жігіт сұлтаны

Қаратөбе ауданында Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің 25 жылдығы аясында ұйымдастырылған дарабоз жігіттерді анықтайтын аудандық «Жігіт сұлтаны - 2017» байқауы өз мәресіне жетті.


Сайыс нәтижесі бойынша иық тіресіп белдесіп, сайыстың қай түрінен болса да оқ бойы озық шыққан нағыз ержүрек ұлан Дәурен Бақтыгерей (Қаракөл ауылдық округі) бас жүлдені жеңіп алып, аудандық «Жігіт сұлтаны – 2017» иегері атанды. Облыстық кезеңге жолдама алып, басты сыйлық ертоқымға ие болды.

Тақымына арғымақ атты басып, боз кілемде балуандарды шаң қаптырған спорт дүлдүлі Бауыржан Шүрмен (Қаратөбе мектеп-гимназиясы) I орынға ие болды. ІІ орынды Қадыр Қуандықов (Қоскөл ауылдық округі) иеленсе, ІІІ орынды №16 өрт сөндіру бөлімінің сарбазы Мейірбек Тілекқабылов еншіледі. Сұнғат Зайнуллин (Сулыкөл ауылдық ) «Бүгінгі күннің батыры» номинациясымен марапатталды.

 Маралбек АМАНТАЕВ,

Қаратөбе ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале