10.01.2018, 17:42
Оқылды: 15

Депутат кәсіпорын ұжымдарымен кездесті

Өңірде жұмыс сапармен жүрген ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Бахтияр Мәкен бүгін Зеленов ауданында болды.

Өндіріс орындары жұмысымен танысып, тұрғындармен жүздесуді мақсат еткен халық қалаулысын аудан әкімі Асхат Шахаров Белес ауылындағы «Белес Агро» ЖШС ұжымына бастап барды.

Астық өнімін өндіруші ірі кәсіпорынның жұмысымен танысып, ұжымымен жүздескен халық қалаулысы мәжілістің сессияда атқарған жұмысы туралы баяндап, қаралған заңдарға қысқаша шолу жасады. Ел экономикасының дамуы, зейнетақы жүйесін жетілдіру, еңбеккерлер мүддесінің қорғалуы туралы пікір білдірген депутат кешегі Елбасы мәлімдемесі мен салалық реформалар міндеттеріне қатысты ой бөлісіп, ұжым тарапынан болған сауалдарға жауап берді.

Одан әрі осы Белес ауылында орналасқан «Батыс Пауэр» ЖШС-ына бас сұққан депутат газ-турбиналық электр станциясы жұмысшыларымен кездесті.

– Мемлекет басшысы халыққа кеше мәлімдеме жасап, төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамуымыздың жаңа мүмкіндіктерін айқындап берді. Биылғы жолдау әлемнің жаңа даму бағытына бейімделу мен ел болып жетістікке жету жолын табудың бағытын нұсқады. Жыл санап өркендеп келе жатқан елімізді одан әрі дамыта түсу Елбасы діттеген мақсатқа халқымыз тұтастай жұмылуы тиіс. Жаңа жыл ел тарихында айтулы шаралармен айшықталмақ. Халқымызды табысқа жеткізетін, алға жылжытатын ең бастысы фактор бірлігіміз. Біз өзара сыйластықта, түсіністікте әрекет еткенде ғана алдағы асуларды оңай әрі нәтижелі аса аламыз, - деген депутат жолдаудың негізгі ережелері мен оны іске асыру жолындағы міндеттер туралы әңгімеледі.

Түгелбай Бисен,

Зеленов ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале