2.03.2017, 17:27
Оқылды: 27

Депутат сыйлық тарту етті 

 

Облыстық мәслихат депутаты Мадияр Байжанов Алғыс айту күніне орай шыңғырлаулық мүмкіндігі шектеулі балаларға планшет сыйлап, игі тілегін арнады. Шараны ұйымдастыруға «Нұр Отан» партиясы Шыңғырлау аудандық филиал төрағасының бірінші орынбасары  Светлана Бәйтенова мұрындық болды.


-«Нұр Отан» партиясы «Кедергісіз келешек» жобасы аясында ауқымды жұмыстарды жүргізіп келеді. Оның ішінде мүмкіндігі шектелген балалар назардан тыс қалмайды. Бүгінгі сыйлық аудан балаларының көңілінен шығады деп ойлаймын. Осы орайда барша ата-аналарға алғысымды білдіремін, - деді Светлана Ешматқызы.

Айсұлу Арыстанова

Шыңғырлау ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале