10.04.2018, 9:36
Оқылды: 38

Депутаттар өзен экологиясына алаңдаулы  

 

Сырым аудандық мәслихатының хатшысы Шынар Дүйсенғалиева бастаған топ Өлеңті өзенінің экологиялық ахуалын жақсарту мәселесі бойынша кеңесті.

Табиғат тазалығына салғырт адамдардың кесірі Өлеңті өзенінің экологиялық жағдайын жылдан жылға күрделендіре түсуде. Негізгі зиян өзеннің жағалауында орналасқан үйлердің иелерінен келіп отыр. Қанша ескерту жасалса да, тұрмыстық қалдықтарды, тіпті қоралардан шығарылған малдың қысқы тезегін өзеннің қабағына төгу тоқтамай тұр.  Аудандық мәслихаттың хатшысы Шынар Дүйсенғалиева тұрғындарға жай ескерту жасап қана қоймай, тиісті шара қолданатын уақыт жеткендігін айтады. Аудандық мәслихаттың депутаты Санат Берсебаев та осы пікірде.

«Нұр Отан» партиясының депутаттық фракциясының мүшелігіндегі аудандық мәслихаттың депутаттарынан құралған бақылау тобы осы аптаның ортасында жағдайды көзбен көріп, тұрғындармен кездесуге шығады.

Бауыржан ШИРМЕДИНҰЛЫ,

Сырым ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале