15.11.2017, 15:27
Оқылды: 21

Деркөл өзеніне құятын арықтар тазалалануда

канал (1)Тасқала ауылы ішінде су тасқынының алдын алу мақсатында арнайы қызметтер атқарылуда. Әсіресе Орал-Саратов трассасынан бастау алып Деркөл өзеніне құятын су ағатын арықтарды тазалау, тереңдету және қазу жұмыстары қызу жүруде.

Шамов, Гоголь және Азаттық көшелерінің бойымен өтіп, Абай, Мәмбетова және Панфилов көшелерін қиып ағатын қар суы көктем мезгілінде жұрт мазасын алатыны шындық. Осы орайда аудан әкімдігі мен «G&A» сервиспен» өзара келісімшартқа отырды.

Барлығы 3100 метрді құрайтын арықты қазу жұмысы  қараша айының соңына дейін аяқталады деп жоспарланған. Жұмысшылардың сөзіне қарағанда, арықтар мен траншеялардың ені 3-9 метрге дейін болуы тиіс, ал тереңдігі 1-1,5 метрге жету керек. Сондай-ақ әр 500 метр сайын «Қоқыс лақтыруға болмайды» деген жазуы бар маңдайша қойылады.

Әсемгүл БЕКЕШЕВА,

Тасқала ауданы

 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале