24.07.2020, 13:54
Оқылды: 57

Дерт жағадан алғанда, өрт етектен...

Сырым ауданында былтыр 13 жану оқиғасы тіркелсе, биыл ол көрсеткіш еселеніп, 7 айдың ішінде 24 далалық өрт және жану оқиғалары орын алды. Дерт жағадан алғанда, өрт етектен алды деген осы!

7528E6B7-92A2-48CB-B3BD-08A42A1B42D9

Сырым аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің бас маманы Сағадат Әнестің айтуынша, жалынның аумағы 50 га асса – далалық өрт, ал 50 га аспаса – жану деп есептеледі екен. 2020 жылы 15 жану оқиғасы болып, 1173 га және 9 далалық өрттен 14791 га аумақ отқа оранып, жалпылама есептегенде 15964 га шабындық «қызыл айдаһардың» өңешіне жұтылған.

Өрт шілдеде тіпті шектен шығып кетті. Мәселен, 12 шілде күні Сырым ауданында бір емес, бес жерде, атап айтсақ Алғабас ауылдық округінің 2 нүктесінде, сосын Шолақаңқаты, Бұлдырты, Қособа ауылдық округтерінде бір-бірден жану болған. Жорамал бойынша от найзағайдан шыққан.

6560D1B7-9E39-42B7-9BCE-DB38F6ADEEC0

«Көшпелі өрттер» де есті алып тұр. Шыңғырлау ауданының аумағынан тұтанған жалын Жосалы арқылы Елтай ауылдық округіне өтіп кетіп, 7000 га жерді жалмаған. Ал, Жетікөл ауылдық округіне өрт Қаратөбе ауданы жағынан келген. Өрттен Алғабас, Аралтөбе, Қособа да зардап шекті. Өкініштісі сол, Алғабас пен Аралтөбенің арасындағы жайылым өртенген уақытта 15 қой жалын ішінде қалып қойып, тірілей жанып кеткен.

2A30575C-ABC2-42B1-8226-FB877770B0C1

Өртті ауыздықтауда жергілікті жердегі атқарушы органдар, шаруашылықтар үлкен үлес қосып жатыр. Ерікті өрт сөндірушілердің еңбегін Facebook желісіндегі парақшасында Сырым ауданының әкімі Төлеген Төреғалиев те атап өтті:

- Өрттің қауіпті кезеңі басталғалы ағымдағы жылы аудан бойынша 6 шаруашылық құрылымында, 1 автокөлікте 15 табиғи жану және 6 дала өрті тіркелді. Аудан бойынша орман және дала өрттерін жою бойынша төтенше жағдайлардың алдын алу үшін іс шаралар жоспары бекітілген болатын. Өрттердің алдын алу және сөндіру үшін қазіргі таңда аудан орталығындағы өрт сөндіру бөлімімен қатар 123 адамнан тұратын 12 ерікті өртке қарсы құрылым құрылды. Биылғы жылы ауылдық округтерге аудандық бюджеттен 3 млн. тенгеге жуық қаржы бөлініп, өрт сөндіргіш құралдары алынып берілді.

Апат айтып келмейді. Әр уақытта ауыл тұрғындары, ауыл жастары, шаруа қожалық жетекшілері өз ауылдарыңыз үшін, туған жерлеріңіз үшін ерікті ретінде ауыл әкімідіктеріне қолдау білдіріп, өрт сөндіру жұмыстарына атсалысқандарыңыз орынды деп есептеймін. Дәл қазіргідей ыстық уақытта шаруа қожалықтары өз қауіпсіздігіміз үшін далалық жұмыстарды санаулы күндерге тоқтатқандары дұрыс. – деді аудан әкімі.

 Бауыржан Ширмединұлы,

Сырым ауданы

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале