29.03.2017, 11:22
Оқылды: 58

Дін басқармасының ақпараттық насихат тобы - Қазталов ауданында

Kaztalov din  28 наурыз күні БҚО дін басқармасының ақпарттық насихат тобы мүшелері Қазталов ауданына келді. Топ құрамында білікті теолог мамандар бар.

  Аудан әкімдігінің мәжіліс залында БҚО дін істері басқармасының бас маманы Мақсот Раманқұлов пен БҚО дін мәселелерін зерттеу орталығының басшысы Жарас Аханов аудан активімен кездесті.


  Кездесуде келген қонақтар еліміздегі діни ахуал туралы әңгімеледі. Бүгінгі күнде тек еліміз емес, бүкіл әлемді алаңдатып отырған қақтығыстар, дінаралық жанжал, террорлық әрекет қатерлі дертке айналуда. Осындай теріс ағымдардың әсерінен еліміздегі кейбір оң-солын танып болмаған жастар оған ілесіп кетуде. Ақырында келіп, оның салдары үлкен қайғы-қасіретке душар етуде. Міне, осындайлардан сақтану үшін жасөспірімдер және жастар арасында салиқалы әңгімелер айтылуға тиіс. Әсіресе, әрбір ауылдағы имамдар, білікті ұстаздар, сыйлы ардагерлер бұл жұмыстан шет қалмаулары қажет. Бұндай жұмыс бір күннің ісі болып табылмайды. Ол үнемі сапалы жүргізіліп отырғанда ғана тиісті нәтиже береді, -деді олар.

  Кездесуге қатысушылар дін саласының мамандарына түрлі сауалдар қойып, оған тиісінше жауаптар алды.

 

Қайрат ЖАҚЫП

Қазталов ауданы

   zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале