6.04.2017, 17:16
Оқылды: 25

Діни сауаттылық - басты назарда

Тасқала ауданына жұмыс сапарымен барған Батыс Қазақстан облыстық дін істері басқармасының бөлім басшысы Саялбек Ғиззатов пен аталған басқарманың маманы Наурыз Убаев діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу мақсатында кеңейтілген семинар-кеңес өткізді.

Аудан әкімінің орынбасары Л.Жұбанышқалиеваның төрағалығымен өткен жиынға аудан прокуроры М.Изимов, аудандық мешіттің бас имамы А.Ибрашев, ауылдық округ әкімдері және жергілікті мекеме-ұйым басшылары қатысты.

Кеңесте ішкі саясат бөлімінің басшысы А.Дүйсенова экстремизм мен терроризмнің алдын алу бағытында ауданда атқарылып жатқан жұмыстарды баяндап берді.

Одан кейін мінбеге көтерілген С.Ғиззатов жастардың дәстүрлі емес діни ағымдардың жетегіне тез еріп кетуінің бірден-бір себебі - діни сауатының төмендігінен екенін айтты. Сондай-ақ  жат ағымда жүрген адамдарды дәстүрлі дінімізге қайтару үшін жүйелі жұмыс жасалып жатырғандығын да жеткізді.

«Әр ата-ана баласының тәрбиесімен қатар қандай дінді ұстанып жүргенін және әлеуметтік желіде қандай сайттарға кіретіндігін қатаң бақылауы керек. Өйткені жастардың теріс жолға түсіп кетуіне әлеуметтік желінің ықпалы зор. Өкінішке қарай, көп ата-ана бұған немқұрайлы қарайды. Нәтижесінде біз көбіне жат ағымның жетегіне еріп, ақыр соңында сотталып жатқандармен ғана сөйлесеміз. Сондықтан ертеңгі күні әттеген-ай демес үшін имандылыққа бет бұрған кезде, мешіт имамдарынан ғана дәріс алу қажет, - деді ол өз сөзінде.

Семинар-кеңес барысында Н.Убаев жиналғандарға имандылық жайында тағылымды уағыз айтып, әрдайым діни сұрақтарды сол саланың мамандарынан ғана сұрау қажет екенін түсіндірді.

Е.ЕЛЕКЕНОВ

Тасқала ауданы

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале