19.07.2018, 11:11
Оқылды: 32

Діни сауаттылыққа шақырды  

 

Karatobe din«Нұр Отан» партиясы Қаратөбе аудандық филиалының мәжіліс залында БҚО Дін мәселелерін зерттеу орталығы мамандары аудан тұрғындарымен кездесті.


 

Дін мәселесі қазіргі таңда қоғамның негізгі және де ең өзекті мәселелеріне айналып отыр. Халықтын діни сауаттылығын арттыру –қоғамның басты талабы.

Осы орайда ауданда арнайы іссапармен болған БҚО Дін мәселелері зерттеу орталығының дінтанушы-психологы Таңжарық Тұрғанқұлов және орталықтың инспекторы  Гүлжан Ермекова жастар, жұмыссыздар, студенттер, медицина қызметкелері және кәсіпкерлермен кездесіп, діни ахуалдың тұрақты болуы, адасушы ағымдардың қоғамға кесапаты, мінез-құлықтың өзгеріске ұшырауы, психологиялық әдіс тақырыптарында дәріс оқыды.

Жиын соңында орталық мамандары аталған топтардан әлеуметтік сауалнама жүргізді.

Айта кету қажет, сауалнама қорытындысы ағымдағы жылдың қыркүйек-қазан айларында БҚО Дін мәселері зерттеу орталығының қолдауымен кітап түрінде жарыққа шығады.

Райымбек АБАЕВ

Қаратөбе ауданы

zhaikpress.kz

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале