5.12.2019, 16:10
Оқылды: 69

Директор орынбасарлары сынға түсті

Бөрлі аудандық білім беру бөлімінің ұйымдастыруымен Ақсай қаласының №3 мектебінде «ALAU» жобасы аясында «Үздік оқу ісі жөніндегі мектеп директорының орынбасары» атты байқау ұйымдастырылды. Байқауға қала және ауыл мектептерінен он алты  директордың оқу ісі жөніндегі орынбасарлары қатысып, өз өнерлерін ортаға салды. Байқау мақала жазу, тест орындау, жағдаяттық  тапсырмалар, оқу ісі жөніндегі орынбасарының шеберханасы секілді төрт бөлімнен тұрды.

borli

Тартысты әрі қызықты өткен сайыстың қорытынды бойынша Бөрлі №1 мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Шынар Бергалиева бірінші орынды иеленіп, үздік атанды. Ақсай қаласының №1 МБК директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Гульжанат Давлетова мен Ақсай қаласының №2 мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Айгуль Муханова екінші орынға табан тіреді. Ақсай қаласының №7 мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Шолпан Аймухамбетова, Тихонов МБК директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Замарад Сапина, Ақсай қаласының №3 мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Дина Сұлтанцикова, Бумакөл МБК директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Асия Исмурзиевалар үшінші орынға лайық деп танылды.

 

Сәнім Меңдібай

Бөрлі ауданы

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале