22.11.2017, 17:45
Оқылды: 27

Домбыра сыныбының оқушысы топ жарды

«Еуразиялық гендік қор» ғылыми-өндірістік білім беру орталығы, жастар арасында қазақ халқының ұлттық салт дәстүрімен әдет-ғұрпын кеңінен  насихаттау мақсатында «Қазағымның жыры сенсің, домбыра!» атты республикалық видео байқауын ұйымдастырды.

Аталмыш байқауда Тасқала аудандық балалар саз мектебінің домбыра сыныбының оқушысы Жәмила Нұрғазиева кіші топ қатысушылар арасында сынға түсті. Халық күйі «Жастар биін» нақышына келтіре орындаған Жәмила жүлделі І орынға ие болып, мектеп мерейін асырды. Ұстазы жоғарғы санатты мұғалімі Райгүл Серікқызының артқан үміт ақталып, еңбегі еленгеніне ұжым да риза.

Мейрамгүл СӘРСЕНОВА,

Тасқала аудандық балалар саз мектебі

 директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале