21.02.2018, 11:49
Оқылды: 55

«Донеділ» кітабы таныстырылды

Мұқадес Есламғалиев атындағы аудандық кітапханада Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қайраткері, «Құрмет» орденінің иегері, Қазақстан композиторлары одағының мүшесі, Қадыр атындағы қоғамдық қордың директоры, әнші-сазгер Донеділ Қажымовтың «Донеділ» атты кітабының тұсаукесері өтті.

Аудандық кітапхана ұйымдастырған «Өнермен өрге жүзген азамат» атты көрмеге кітапханашы Эльмира Әлденова шолу жасады. Кештің ашылуында аудан әкімінің орынбасары Асланбек Сарқұлов  құттықтау сөз сөйлеп, қонақтарды таныстырды.

Д.Қажымов бұл кітапты небәрі 44 жыл өмір сүріп, абыройлы, беделді бола білген әкесінің рухына арнапты. Кітаптың алғашқы бөлімі әке туралы естеліктермен басталса, төртінші бөлімі сыршыл суреттермен аяқталады.

Автор аудандағы 22 кітапханаға бір-бір кітаптан табыс етті.

Кеште естеліктермен бөлісіп, лебіздер легін ақтарған Қайыржан Нұрмұханов Донеділдің әкесі Ізмағамбеттің ақкөңіл, қонақжай, көпшіл, еңбекқор жан болғанын, Төлеген Есмұханов Донеділден қызмет бабында көп нәрсені үйреніп, бірге концерт берген шақтарын әңгімелесе, ақын Есен Баймұханбетов, Талғат Мықи өлеңдерін оқыды.

Шара ақын Бауыржан Ширмединұлының «Ән-Донеділ» өлеңімен аяқталды.

Шынар МОЛДАНИЯЗОВА

Сырым ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале