12.03.2019, 18:27
Оқылды: 16

Достықтағы "Ашық әкімдік"

Бәйтерек ауданының Достық ауылында аудан әкімі Асхат Шахаров, аудандық мәслихат хатшысы Рамазан Ысмағұлов пен өзге де бөлім, мекеме басшылары тұрғындардың көкейкесті мәселелеріне байланысты қабылдау өткізді.

dostyq

 «Ашық әкімдікке» келген 27 тұрғын сан салалы сұрақтарына жауап алды. Негізгі келіп түскен сұрақтар жұмыспен қамту, жәрдемақы алу, газ, су жүргізу, кәсіпкерлік ашу төңірегінде болды.

         - Мен үйіме көгілдір отын өткізу үшін қаражат сұраған едім. Қолдан келгенше көмектесетіндігін айтты. Әйтпесе, қаражат жағы қинап тұр, - дейді ауыл тұрғыны Руслан Мұхитұлы.

         Ауыл тұрғындары осындай «Ашық әкімдік» әлі де жалғасын тапса деген ниеттерін жеткізді.

Нұрлыбек Қыдырғалиұлы,

Бәйтерек ауданы

© zhaikpress.kz

 

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram -дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале