26.09.2019, 12:21
Оқылды: 80

Егін алқабында жұмыстар аяқтала келді

Шыңғырлау ауданының шаруашылық құрылымдары 2019 жылғы егін жинау жұмыстарын аяқтай келді.

terekti-egis

Шыңғырлау ауылдық округ әкімі аппаратының мәліметтеріне сүйенсек, 25 қыркүйекте 4027 гектар алқапта дәнді дақылдар орылып, бастырылды. Нақтырақ айтсақ, 974 гектар алқаптан күздік дақылдар, 1 937 гектар жаздық бидай, 1 116 гектар алқаптан арпа орылды. Орташа өнімділігі – 14,4 ц/га. Жоспарланған егін алқабындағы дән 100 пайыз жиылып, қамбаға құйылды. Нәтижесінде 5 789 тонна астық бастырылған, оның ішінде күздік дақылдар 2 181 тонна, жаздық бидай 2310 тонна, арпа 1 298 тонна. Аудан бойынша  майлы  дақылдарды алсақ, 2053 гектар алқапқа егілген мақсарыдан 1129,0 тонна жиналған.

Ал мал азығының дайындалуы туралы айтсақ, округтерде 71 233 тонна шөп жиналған. Жоспардың орындалуы 99,3%. Шөп шығымының орташа өнімділігі 2,9 ц/га. Сонымен қатар 2433 гектар алқапқа күздік дәнді дақылдар егілді. Нақтырақ айтқанда, күздік қара бидай 713 гектарға, күздік бидай 1 720 гектарға себілді. Жоспардың орындалуы - 105,8%.

Диқандар мен шаруа жандар енді келер жылдың  жұмыстарын жоспарлау үстінде.

Айсұлу Арыстанова

Шыңғырлау ауданы

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале