19.07.2017, 17:25
Оқылды: 60

Егіндікөл ауылының тынысымен танысты

Karatobe Egindikol  Қаратөбе ауданының әкімі Жанат Асантаев Егіндікөл ауылдық округінде іссапармен болып, әлеуметтік нысандардың жұмысымен танысты.

  Алдымен аудан басшысы Жанат Асылханұлы округтегі «Нұрболат» шаруа қожалығының тыныс-тіршілігімен танысып, болашақ жоспарларымен бөлісті.
Сапар барысында Егіндікөл ауылдық мәдениет үйінде аудан басшысы Жанат Асылханұлы жергілікті тұрғындармен кездесіп, олардың мәселелері мен ұсыныстарын тыңдады.


  Кездесу барысында округ әкімі Абат Зейнуллиннің 2017 жылдың І жарты жылдығында атқарылған жұмыстар туралы есеп берді.
– Округ бойынша 12,9 гектар жерге бақша дақылдарын, көкөніс түрлері егіліп, ауыл тұрғындары бақша дақылдары егуге мүмкіндік жасау үшін су құбырларын тұрғын үйлеріне тарту өз күштерімен жөндеу жұмыстары жүргізілді. Округ тұрғындарына несие алуға жұмыстар жүргізіліп, қазіргі таңда екі тұрғын мал бордақылау алаңын ашу үшін несие алуға құжаттарын жасақтауда. Мал тұқымын асылдандыру бағытында округ бойынша «Қызылжар-2» өндірістік кооперативі құрылып, 480 бас аналыққа жеке табынға 16 бас асыл тұқымды аталық бұқа алып отыр. Бүгінгі күні округ бойынша ауыл тұрғындарының иелігіндегі малдары 5 бағытта бақташы арқылы бағылса, жаз жайлауларында Қалдығайты өзенінің жағалауына екі жерге мал бағуды ұйымдастырылып отыр,- деді ауыл әкімі Абат Зейнуллин.

  Жиында ауыл ақсақалы Ертай Сердалин мен зейнеткер Гүлсұлу Сисенғазиева сөз алып, Қоскөл ауылдық округі мен арадағы қатынайтын жолды жөндеу, округтегі ауыз судың бағасын арзандату мәселелерін қозғап, толымды жауап алды.

  Одаң соң аудан әкімі Жанат Асантаев округтегі шағын футбол алаңы және жазғы театрландырылған сахна, «Жасыл желкен» туристік-демалыс лагерінің жұмысы және бірқатар әлеуметтік нысандар мен ауыл сыртындағы бұлақ басына барып, жүргізілген абаттандыру жұмыстарының жай-күйімен танысты.

  Сапар барысында аудан әкімі Жанат Асантаевпен бірге аудан әкімінің орынбасары Рашит Иманғалиев, аудандық мәслихат хатшысы Қадіржан Сүйеуғалиев, аудандық ауыл шарушылығы бөлімінің басшысы Есенжол Ғабдыраш, аудандық кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Нұрбол Бозов және бірқатар мекеме басшылары болды.

Райымбек АБАЕВ
Қаратөбе ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале