24.05.2019, 17:53
Оқылды: 61

Егіндікөлде жерлестер форумы өтуде

Елбасының «Болашаққа бағда: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Қаратөбе ауданының Егіндікөл ауылында «Ауылым – алтын бесігім атты» жерлестер форумы өтуде.

egindikol (3)

Форум бағдарламасы бойынша 23 мамыр шахмат пен футболдан жарыс ұйымдастырылса, бүгін салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында келген қонақтар мен ауыл жастары, мемлекеттік қызметкерлер 20 шақырымдық марафонды жүгіріп өтті.

Марафоншыларды ауыл кіре берісінен қарсылап алып, құрмет көрсетілді. Домбырамен арнау айтып, ақ дәм ұсынылды. Қонақтарды қарсылап алған ауылдық округ әкімі Абат Зейнуллин қасиетті орын – бұлақ басында ауылдың тыныс-тіршілігімен таныстырды.

Қазір мектеп түлектерінің ұйымдастыруымен қазақша күрестен «Егіндікөл барысы» турнирі өтуде.

Шаралар тізбегі ертең «Ауылым – алтын бесігім» атты жерлестер форумының дөңгелек үстелімен жалғаспақ.

Ажаргүл Әлиева,

Қаратөбе ауданы,

zhaikpress.kz

egindikol (1) egindikol (4)

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале