14.01.2019, 18:17
Оқылды: 38

Егіндікөлдік түлектер балабақшаға тарту жасады

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында Егіндікөл ауылының 2004 жылғы мектеп түлектері Дастан Нығматуллин, Өркен Нұғманов, Серікқали Таскенов және басқ да азаматтар «Балбұлақ» балабақшасының бүлдіршіндеріне қуаныш сыйлады.

 rj (1)

Ауыл азаматтарының игі істі атқаруларына себепкер болған сынып жетекшілері Ардақ Есенова екен.

Мектеп түлектері балабақшаға 100 мың теңге көлемінде балалар ойнайтын бөлмеге 2 кілем, балаларға 3 велосипед, 4 ойыншық жүк көлігін, 6 құрастырғыш және тәттілер салынған сыйлық тарту еткен.

–Егіндікөл ауылынан түлеп-ұшып, бүгінде түрлі салада қызмет атқарып жүрген ауыл азаматтарына айтар алғысымыз шексіз. Бүгінгі ұрпақ алдыңғы аға буынға қарап бой түзейді. Бұл – кейінгі жастарға үлгі. Аға-апаларының осындай игі істерін көріп өскен бүлдіршіндердің елжанды азамат болып өсері сөзсіз, - дейді «Балбұлақ» балабақшасының меңгерушісі Шолпан Бижанова.

Егіндікөл ауылындағы балабақшада 15 бүлдіршін тәрбиеленуде. Осы кезге дейін де 2009 жылғы мектеп түлектері балабақшаға 100 мың теңгеге ойыншық сыйлаған болатын.

Тоты Есқайырова,

Қаратөбе ауданы

© zhaikpress.kz

 

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram және Telegram парақшамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале