7.07.2020, 15:55
Оқылды: 75

Егінге орақ түсер күн жақын

Жер жыртып, егін салған шаруа бүгінде күздік бидайға орақ салу қамында. Бәйтерек ауданының шаруалары да көп ұзамай егін оруға кірісетін болады.

D4B21590-8E4B-4C59-995C-3A76663F4BAE

Аудандық ауыл шаруашылғы бөлімінің мәліметінше,биыл шаруалар 55 мыңнан астам гектар жерге күздік бидай, 77 мыңнан астам гектарға дәнді дақылдар, 56 мыңнан астам гектарға майлы дақыл еккен. Сондай-ақ 10 мыңнан астам гектар жерге жем-шөп, 1700 гектарға картоп, 1300 гектар жерге көкөніс және 550 гектарға бақша өнімдері салыныпты.

Сондай-ақ малға қажетті жем-шөп қорын жинау ісі де күн тәртібінде. 

F3011D86-F733-4179-BA22-A0923229DD48

-Биыл ауданға 111 мың тоннадан астам шөп қажет. Ол жоспарды толықтай орындауға мүмкіндік бар. Өйткені судан шөбінің шығымы жақсы. Әр гектарынан 5 центнер шөп алсақ, науқан соңына дейін 113 мың тонна мал азығын жинаймыз. Қазірдің өзінде 305 техника шөп шабу ісіне жұмылдырылды, -дейді ауыл шарашылық бөлімінің бас маманы Ғалиасқар Мендалиев.

Бөлім мамандары шаруалар науқандық жұмыстарға техникаларын ретке келтіргенін, қажетті жанармай қоры да жиналғанын айтады. Жалпы далалық жұмыстарға үш мыңнан астам техника жұмылдырылмақ.

Түгелбай Бисен,

Бәйтерек ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале