3.04.2017, 17:09
Оқылды: 28

Егіз өнерпаз жүлделі орыннан көрінді

Елордамыз Астана қаласында ХІ халықаралық «Ақ көгершін» ән байқауы өтті. Оған Ресей Федерациясы, Өзбекстан, Қырғызстан секілді көршілес мемлекеттерден кіл мықтылар қатысты.

Еліміз бен облысымыздың намысын қорғаған Сұлтан және Бейбарыс Ғарифуллиевтер ерлеп, жеңістің биік шыңын бағындырды. Байқау қазыларының жоғары бағасын алған теректілік егіз өнер додасында I орынды иемденді. Кішкентай әншілерді үлкен байқауға дайындаған ұстаздары Жақсығали Жүгінісовтің еңбегін айрықша атаған абзал.

 

Әділет Әлібек

Теректі ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале