19.06.2017, 12:37
Оқылды: 224

Екі күнде 14 жүргізуші жол жүру ережесін бұзды

iЖәнібек ауданында БҚО ІІД-нің нұсқауына сай маусымның 13-і мен 15-і аралығында ауданда «Автобус» атты жедел алдын алу іс-шарасы өтті.


Аталған мерзімде аудандық ішкі істер бөлімінің қызметкерлерімен жол жүру қағидаларын бұзғаны үшін 14 жүргізушіге ҚР «Әкімшілік құқықбұзушылық туралы» кодексінің алты бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылған.

Жәнібек аудандық ішкі істер бөлімі әкімшілік полиция бөлімшесінің аға мемлекеттік техникалық инспекторы, полиция майоры Тимур Мамытовтың айтуынша, осы кезеңде жол полициясы бөліністерінің жеке құрамы қызмет өткерудің күшейтілген түріне көшірілген. Аудандық маңызы бар автомобиль жолдарына патрульдеу ұйымдастырылып, нарядтардың тығыздылығы көбейтілді. Көліктердің неғұрлым қарқынды қозғалысы бар орындарға бекеттер мен нарядтар қойылған.

А. ЕСІРКЕПОВ,

Жәнібек ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале