4.12.2019, 18:10
Оқылды: 48

«Екі жұлдыз» байқауы ұйымдастырылды

Жәнібек ауданы орталығындағы Т.Жароков атындағы мектепте аудандық психологиялық-педагогикалық түзеу кабинетінің құрылғанына 15 жыл толуына орай ата-аналар мен балалар арасында «Екі жұлдыз» фестивалі ұйымдастырылды.

janibek 2 (2)

Ашылу салтанатында сөз алған аудан әкімінің орынбасары Жақсылық Абдолов аталған мекемені мерейтойымен құттықтап, байқауға қатысушы бүлдіршіндірге сәттілік тіледі. Сонымен қатар кабинет меңгерушісі Светлана Насеноваға аудан әкімінің алғыс хатын табыстады.

Фестиваль барысында оған қатысушылар «Вокал», «Хореография», «Аспапта орындау», «Бейнелеу» және «Қолөнер» аталымдары бойынша сынға түсті. Фестивальдің қорытындысында I, II, III орындарды тиісінше Айша Шапағат және Алина Кенжеғали, Ерсұлтан Қадырболатов, Гүлсезім Арыстанғалиева иемденді.

Жеңімпаздар мен қатысушыларға естелік сыйлықтар табысталды. Сондай-ақ бір топ ата-аналға аудандық психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеті меңгерушісінің алғыс хаттары берілді. Кеш барысында аталған мекемеге ата-аналар, бұрынғы қызметтес әріптестері мен тәрбиеленушілер атынан алғыс хат пен шағын сый-сияпаттар ұсынды.

Лаура Қалы

Жәнібек ауданы

суретті түсірген автор

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале