8.06.2017, 19:42
Оқылды: 44

ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесі құрметіне

Akjayik ekspo fudbol    Ақжайық ауданының Құрайлысай ауылдық округіне қарасты Сайқұдық ауылында ЭКСПО-2017 Халықаралық көрмесін қолдау мақсатында футболдан біріншілік ұйымдастырылды.


   Сайысқа алаң иелерінен төрт командадан басқа ауданның Есенсай, Кеңсуат, Көнеккеткен ауылдарының және көршілес Сырым ауданынан Қособа ауылдық округінің жастары келді.

  Қатысушылар алдымен 2 топқа бөлініп, өзара мықтыны анықтады. Сөйтіп, финалда Құрайлысай мен Көнеккеткен командалары кездесті. Мұнда құрайлысайлықтар басым түсті. ІІІ орынды сайқұдықтық оқушылар жеңіп алды.

Бекем БЕКҰЛЫ

Ақжайық ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале