11.07.2017, 17:35
Оқылды: 89

ЭКСПО-ға кезекті топ аттанды

Zelenov Ekspo  Зеленов ауданынан «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесін тамашалауға кезекті топ аттанды.


  Көрмеге ауыл шаруашылық саласында жұмыстанатын кәсіпкерлер және солардың демеушілігімен оқушылар мен жастар барлығы 30 адам аттанды. Сапарға шыққан зеленовтықтарға  аудан әкімі Асхат Шахаров ақ жол тілеп,  демеуші азаматтарға ризашылығын білдірді.

   Айта кетейік, осы уақытқа дейін 1300-н астам аудан тұрғыны көрмені тамашалап үлгерген.

«Ауыл тынысы»

Зеленов ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале