29.12.2016, 13:07
Оқылды: 22

ЭКСПО-мен келген Жаңа жыл

janakala-ekspo-janajil  Жаңақала аудандық мектеп-гимназиясының залында ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар мен әлеуметтік жағынан аз қамтылған, көп балалы отбасылардың балаларына арналған аудан әкімінің жаңажылдық шыршасы өтті.

  Мерекелік думанға аудан әкімі Л.Хайретдинов, аудан әкімінің орынбасары А.Шүкірғалиева, аудандық білім беру бөлімінің бастығы Е.Қадыров пен оқушылар қатысты.


  Аудан әкімі  Л.Хайретдиновтің Жаңа жылмен құттықтауынан соң, "ЭКСПО-ның жаңажылдық алауы" көрінісі желісінде өткізілген ертеңгілік №3 мектептің оқушылары мен ұстаздары әзірлеген ән мен биге ұласып, балалар Аяз ата мен Ақшақарға өнерлерін көрсетті. Мультфильм кейіпкерлері Әли мен Айя, өзге де ертегі кейіпкерлері балалардың көңіл-күйін көтеріп, шаттық сезімге бөледі.

  Балалар  ескі жыл Мешінмен қимай қоштасып,  жаңа жыл Тауықты бірге қарсылады. Сондай-ақ биылғы Тауық жылының басты символы - ЭКСПО көрмесінің шағын макетін аудан әкімі Л.Хайретдинов салтанатты түрде ашып, оқушылар аталған көрмеге арналған ән-жырларын ортаға салды.

  Мерекелік шыршаға ауылдық округтер мен елді мекендерден барлығы 22 оқушы қатысып, әр балаға 39 мың теңгенің сыйлығы табысталды.

  Сондай-ақ «Қазпочта» АҚ ұйымдастырған республикалық «Аяз Атаға хат жаз» акциясы аясында облыста үздік деп танылған Е.Орақбаев мектебінің 2 сынып оқушысы Еркеназ Табылдыға планшет сыйға берілді.

  Шара соңында бүлдіршіндер мерекелік тәтті дастарқаннан дәм татты.

Н.ЕСЕТОВА

Жаңақала ауданы

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале